17 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы  №279

183 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 23 маусым, Астана қаласы «Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйырамын: 1. «Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 176 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 19 наурызда № 10512 тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «1. Қоса беріліп отырған Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу қағидалары бекітілсін»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу қағидаларында: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Уәкілетті органның ведомствосы өтiнiмдi алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған материалдардың толықтығын қарайды және тексереді және қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiне өтінімдi қарауға қабылдағаны немесе бас тарту себептерiн көрсете отырып, өтінiмдi қарауға қабылдаудан бас тартқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды. Табиғи монополия субъектiсiнiң өтiнімiн қарауға қабылдаудан бас тарту себептері: 1) өтінімдi ұсыну мерзiмдерiн бұзу; 2) Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбау; 3) ұсынылған құжаттардың Қағидалардың 6-тармағына сәйкес келмеуі; 4) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну болып табылады. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны төтенше реттеуші шара ретінде бекітуге өтінімін қарауға қабылдаудан бас тарту себебі Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы болып табылады.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Уәкілетті органның ведомствосы қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде қарайды. Тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын қарау мерзімі өтінім берілген сәттен бастап есептеледі. Уәкілетті органның ведомствосы төтенше реттеуші шаралар ретінде шешім қабылдау үшін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың жобаларын күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қарайды.»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Уәкілетті органның ведомствосы қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту туралы шешім қабылданғанға дейін бір күн бұрын жария тыңдаулар өткізеді.»; 33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «33. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаны түзету туралы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде қарайды. 34. Егер тарифтік сметаны түзету туралы ұсынысты қарау кезінде қосымша құжаттар (ақпарат) қажет болған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы құжаттарды ұсыну бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімін белгілеп, оны өтініш берушіден жазбаша түрде сұратады. Мұндай жағдайда табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны түзету туралы ұсынысын қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, ол туралы өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде хабар беріледі. Тарифтік сметаны түзету туралы ұсынысты қарау мерзімін уәкілетті орган ведомствосының басшысы ұзартады.». 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қ.БИШІМБАЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі ________ Д. Абаев 2016 жылғы «___» ____________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13973 болып енгізілді.